Балалар үйлері Қайырымдылық қорларының қауымдастығы Балалар ауруханалары мен емханалары Мейірімді істер
Перзентханалар ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ Шипажайлар Мейірімді адамдар
ENG    RUS     Басты беті Меймандар кітабы   Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   

ШИПАЖАЙЛАР

№3 «Алау» балалар шипажайы
3 -7 жас аралығындағы тыныс алу мүшелерінің аурулары мен темір тапшылығы анемиясымен сырқаттанған балаларға арналған. Шипажай 16 күндік лектермен келетін балалардың 150-ге дейінгі санын қабылдайды.
№2 балалар шипажайы

Мұнда да жүйелі түрде «лег-легімен» 75 психоневрологиялық ауруы бар және 3-7 жас аралығындағы мүгедек балалар сауығады. Шипажайда неврологиялық сырқатқа шалдыққан балалардың сауығуы үшін барлық жағдай жасалған.
Қалалық Балалар Сауықтыру Орталығы (ҚБСО)
2011 жылдың қыркүйек айында, жабылып қалған №2 балалар үйінің ғимаратында ашылды. Жүйке жүйесінде ауытқулары бар балалар, осы жерде, шамамен 14 күн бойы сауықтыру шараларын өткізеді.

САНАТОРИЙЛЕР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

23-12-2011
ЖАҢАЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚ
Жаңа жыл қарсаңында біздің қор мен қордың достар Клубы жүйкелік патологиялары бар балаларға арналған қалалық балалар реабилитациондық орталығына (ҚБРО) тағы бір сыйлық жасауын қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, бұл орталық 2011 жылдың қыркүйегінде, кезінде түлектердің саны «жетіспеген» себебінен жабылған №2 балалар үйінің ғимаратында ашылған болатын. Біз қарашада ҚБРО – да «Дүниежүзілік балалар күнін» өткізген болатынбыз, сөйтіп, бұл медициналық мекеменің маңызды қажеттіліктерін анықтап алдық. нақты

29-06-2010
ШИПАЖАЙДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ АРТА ТҮСТІ
Қорымыз №3 «АЛАУ» балалар шипажайына көмек беру үрдісін жалғастыруда. Аталмыш шипажайдың тағы екі бөлімшесіне әдемі және ашық түсті, ең бастысы сенімді киім шкафтары орнатылды. Бөлімшелерде тұрған ескі шкафтардың, тозғандығы соншалық, шипажайда дем алып жатқан балалардың денсаулығына қатер төңгізетін. Ескі шкафтар талай рет құлаған. Абырой болғанда, шкафтар құлаған кезде жанында балалар болмаған. нақты

03-06-2010
ЦИРК БАЛАЛАР САНАТОРИЙЫСЫНДА
Науқас балалар ушін №3 «АЛАУ» балалар санаториясында біздің қордың арқасында қойылған цирк көрінісіне сонда жатқан балалар шексіз қуанып қалды. Онымен қоймай, санаторийда жатқан балалар мен оның қызметкерлері де көріністе белсене қатысты. Әсіресе, балаларға ұнап қуантқан көңілді қылжақбас, және үйреткен қызық жануарлар болды. Күлкі – дем алу мүшесінің ең маңызды емі, дейді. Ал № 3 санаторий нағыз осы ауруды емдеуде. нақты

09-04-2010
№3 ШИПАЖАЙЫНДА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Осы күні қорымыз, №3 «АЛАУ» шипажайында сауығу емдерін өткізіп жатқан 3 және 7 жас аралығындағы, жүз баланы базарлықтарымен қуантты. Балаларға қонаққа цирк келді. Күлкілі клоундар, қолға үйретілген иттер, маймыл, қорқынышты болғанымен өте әдемі жыландар, жас акробаттар мен гимнасттар балалар мен қатар шипажай қызметкерлерін де шаттыққа бөлеп, жақсы көңіл күй сыйлады. Балалар қойылымдарға белсенді түрде кірісіп, сиқыршы-клоунға көмектесті, ал ең батыр, қайсар балалар үлкен питон жыланды ұстап көрді. нақты

25-02-2010
№2 САНАТОРИЙ ҮШІН «ТЕПЛОН» АППАРАТЫ
Қорымыз, жасап жатқан жобаларының көптігіне қарамастан, «ескі» қамқорымыздағы мекемелерді ұмытпайды. Қорымыз, №2 шипажай үшін, 2 «Теплон» жабдығын алды. Жоғарыда аталып өткен жабдықтар, ерте кездегі балауыз бен озокеритпен емдеу әдісінің орнына қолданылатын физиотерапевтік процедураларды жасау үшін арналған. «Теплон» жабдығымен емделгенде, күйдіріп алу мен кірлетіп алу қаупі мүлдем жоқ. Жаңа жабдықтар, шипажай дәрігерлеріне адамдарды емдеуінде көмектеседі. нақты

04-02-2010
«АЛАУ» №3 БАЛАЛАР САНАТОРИЯСЫ ҮШІН ЖАҢА ШКАФТАР
Қорымыз, дем алу жүйесінің қабынуымен ауыратын балалар емделетін №3 «АЛАУ» шипажайына көмек көрсетуін жалғастыруда. Аталмыш шипажайдың қызметкерлері ұзақ жылдар бойы балалар гардеробта киімдерін ауыстырар кезде, балаларға зиян келуі мүмкін деп қауіптенетін. Бұның себебі, гардеробтағы балалардың киімін жайғастыратын шкафтар шипажаймен құрдас екендігі. Олардың алынғанына 28 жыл болған екен. Шипажайда емделіп, сауығуға келген балалардың үстіне осы шкафтардың құлап кету қаупі болатын. нақты

: : Следующие

 

                                 ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ                             

10-05-2012  ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
2012 жылдың 9 мамырында фашизмге қарсы ұлы Жеңістің 67-жылдығының күні «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен «BeSmart» компаниясы Ұлы Отан Соғысының 10 ардагерін құттықтады. «BeSmart» компаниясы 10 күн аралығында желісінде қаражат жинау бойынша ұйым өткізді. Осы күндері «BeSmart» компаниясының кызметін пайдаланып жүргендер Бостандық ауданының ардагерлері үшін 150 000 теңге аударды.. Ардагерлер үшін сыйлықтар жеміс-жидек пен әсерлі открытка түрінде ресімделді. нақты


02-05-2012  МАРАТ БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ
Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық әрекетінің елеулі кезеңі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2012 жылдың 2 мамырында өткен дүниежүзілік скрипкалық музыкасының жұлдызы Марат Бисенғалиевтің концерті болғаны. Бұл күні қайырымдылық қор «АЯЛА» ұйымдастырылған кезінен бері 5 жыл болғанын атап өтті. Концертке, Марат Бисенғалиевтен басқа, Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен Лондондық симфониялық және филармониялық оркестрлерінің жас жұлдыздары... нақты


24-04-2012  BASF ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЙРЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ «НАРЫҒЫНДА»
24 сәуірде Қазақстан территориясындағы BASF ұлт аралық химиялық алыбы әрекетінің 20-жылдығын мерекелеу рәсімі өтті. Бұл рәсімге еліміздің барлық түкпірінен ірі клиенттер мен компаниялардың өкілдері жиналды. BASF компаниясы қазіргі заманның ұлы скрипкашысы Марат Бисенғалиевтің қайырымдылық концерт серіктестерінің бірі болып шықты. Мерей тойын мерекелеу рәсіміне қатысқан қазақстан нарығындағы химикалық алыбының компания клиентері арасында концертке билеттер ойнатылды. нақты


ЖОБАЛАРҒА ЖҰМСАЛЫНҒАН

     481 183 684 KZT

БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ

online ақша аудару
терминалдар