2012 жылдың наурыз айында «АЯЛА» қорының барына 5 жыл толады. Осы жылдар арасында өзінің серіктестері мен біздің елдің қарапайым бей – жай емес тұрғындарының көмектері арқасында көп іс жасалды. Қордың ісінің негізгі бағыты балалар ауруханаларына, емханаларға, босану үйлері мен санаторийларға көмек көрсету болып табылады. Қордың бірінші үлкен жобасы Алматы қаласының №1 балалық жұқпалы ауруханасының реанимациялық бөлімін жабдықтау болды. Сол жабдық, міне енді, реанимацияның қызметкерлеріне ауыр ауру балалардың көптеген өмірлерін сақтап қалуға көмектесті. Тағы қаншама өмірді әлі сақтап қалуға болады?! Бөлімде күрделі жөндеу өткізілді, қызметкерлері униформаларға ие болды. №2 балалық ауруханасының реанимациясында да керекті жабдық сатып алынған, жеткізілген, міне енді, жұмысын атқарып жатыр.
Ал қазіргі кезде қордың ең үлкен жобасы, ол – «Тыныс ал, балақай». 2009 – 2011 жылдар арасында Алматы қаласының босану үйлер реанимацияларының барлық балалық бөлімдері және перинаталды орталығы біздің қордан көп санда замануи медициналық жабдықтар алды: дем салу аппараттарын, реанимациалық үстелдерін, инелік және инфузионды мөлшерлеуіштерін, медициналық тараздарын, электросорғыштарын, фототерапия аппараттарын және басқаларды. Бұл жобаның Алматы қаласында аяқталуынан кейін, «АЯЛА» қоры Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігімен өзара ықпалдасу мен ынтымақтастасу туралы Меморандумға қол қойысты. Осы кезден бастап, «Деміңді алшы, балақай» жобасы республикалық дәрежесіне ие болды. Осы жоба шектеуінде, біздің елдің облыстық орталықтарында орналасқан облыстық перинаталды орталықтар реанимацияларының балалық бөлімдерін медициналық жабдықтармен жабдықтауға көмек көрсету жоспарланып отыр. Біздің қордың қызметкерлері реанимациондық бөлімдерінің маңызды қажеттіліктерін анықтап алды, 2011 жылдың қыркүйек айында Өскемен, Семей және Қарағанды қалаларының облыстық перинаталды орталықтары қажетті медициналық жабдықтарды алып үлгерді. Денсаулық сақтау Министрлігі Медицина қызметкерлері Күніне қарсаң қордың жұмысын алғыс айтып атап бағалады, ал Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қарсаң қордың президенті Айдан Сулейменованы құрметті төске тағатын «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен марапаттады.
Қор жұмысы тек балалар ауруханалары мен санаторийларына ғана бағытталған емес, біз балалар үйлері мен интернаттармен де жұмыс істейміз. Міне, 4 жыл бойы «Дара» қайырымдылық қорымен бірлесіп біздің қорымыз қаламыздың БАРЛЫҚ балалар үйлерінің түлектері үшін «Қуаныш Күнін» өткізіп жүр.
2008 жылы 20 маусымда болған Білім Министрлігі мен ҚР Ғылымы өткізген бірінші салтанатты «Білім меценаты» рәсімінде біздің қордың президенті Айдан Сулейменова балалық білім беру мекемелеріне көмек көрсеткені үшін АЛТЫН медальмен марапатталды. Айданның өзі болса, бұл марапаттауды «АЯЛА» қайырымдылық қорының ісін мойындаудың белгісі, деп санайды.
2010 жыл біздің елдің балалық кардиохирургиясы дамуында өте маңызды жыл болды. Біздің қор Қайырымдылық қорлар Ассоциациясы құрамында «Менің де өмір сүргім келеді» жобасына қатысты. Осы жобаның шектеуінде, Сызганов атындағы ҰҒХО дәрігерлер бригадасы Бергамо қаласының кардиохирургиялық клиникасында тәжірибе алуын өтті, біздің қор ҰҒХО – ға екі рет операциялар өткізу қажеттіліктеріне арналған медициналық жабдықтар жіберді. Бұның арқасында, 2010 жылы кардиохирург, анестезиолог, перфузиолог дәргерлері 292 балаларға, оның ішінде, салмақтары 10 кг төмен 108 балаға операциялар жасай алды. Салыстыра келсек, бұрын осындай операцияларды шамалы ғана жасайтын.
2010 жылы «Біздің барлығымыз - Қазақстандықтармыз» жобасының шектеуінде, біз Алматы қаласынан шет денсаулық сақтау және білім мекемелеріне көмектесе бастадық. Қостанай облысының Сарыкөл ауылындағы аудандық орталық ауруханасына (АОА) медициналық жабдық сатып алынып, орнатылды. Көп жыл бойы бос тұрған себептен әбден жаман жағдайға келген Сарыкөл ауылындағы балабақшада күрделі жөндеу жасадық. Соған қоса, Сарыкөл ауылындағы балалық - жасөспірімдер спорт мектебіне де күрделі жөндеулер жасалды. Алматы облысының 16 ауруханасы мен босану үйлері біздің қордан фототерапия аппараттарын алды.
2010 жылдан бастап жыл сайын, Қазақстандағы қайырымдылықтың мәдениетін дамытуға тағы бір итеретін күш болып жүрген, «Қазақстандағы қайырымдылық» халықаралық ғылыми-практикалык конференциясы өткізіледі.
Сіздердің үндеулеріңізге сене отырып, біздің кішкентай бүлдішіндеріміздің және олардың ата-аналарының атынан, барлық бей-жай емес адамдарға алдын ала алғысымызды айтамыз.
10-05-2012ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ 2012 жылдың 9 мамырында фашизмге қарсы ұлы Жеңістің 67-жылдығының күні «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен «BeSmart» компаниясы Ұлы Отан Соғысының 10 ардагерін құттықтады. «BeSmart» компаниясы 10 күн аралығында желісінде қаражат жинау бойынша ұйым өткізді. Осы күндері «BeSmart» компаниясының кызметін пайдаланып жүргендер Бостандық ауданының ардагерлері үшін 150 000 теңге аударды.. Ардагерлер үшін сыйлықтар жеміс-жидек пен әсерлі открытка түрінде ресімделді. нақты
02-05-2012МАРАТ БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық әрекетінің елеулі кезеңі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2012 жылдың 2 мамырында өткен дүниежүзілік скрипкалық музыкасының жұлдызы Марат Бисенғалиевтің концерті болғаны. Бұл күні қайырымдылық қор «АЯЛА» ұйымдастырылған кезінен бері 5 жыл болғанын атап өтті. Концертке, Марат Бисенғалиевтен басқа, Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен Лондондық симфониялық және филармониялық оркестрлерінің жас жұлдыздары... нақты
24-04-2012BASF ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЙРЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ «НАРЫҒЫНДА» 24 сәуірде Қазақстан территориясындағы BASF ұлт аралық химиялық алыбы әрекетінің 20-жылдығын мерекелеу рәсімі өтті. Бұл рәсімге еліміздің барлық түкпірінен ірі клиенттер мен компаниялардың өкілдері жиналды. BASF компаниясы қазіргі заманның ұлы скрипкашысы Марат Бисенғалиевтің қайырымдылық концерт серіктестерінің бірі болып шықты. Мерей тойын мерекелеу рәсіміне қатысқан қазақстан нарығындағы химикалық алыбының компания клиентері арасында концертке билеттер ойнатылды. нақты