270 кереуетке арналған. Жыл сайын орталықта өмірге 6-7 мың бала келеді, оның ішінде 70% - шала туған. Нәрестелері 500г. салмақпен, 22 апталық, уақыты жетпей туған босанушылардың жиналатын, Алматыда жалғыз мекеме бар.
Алматы қаласының Босану үйлері
№1 перзентханада жыл сайын 4000 мың астам нәресте дүниеге келеді.
№2 перзентхана. Соңғы 10 жыл ішінде 30 000 әйел босандырылды.
№4 перзентханада Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.
№5 перзентхана. 140 төсекке көбейіп, 2011 жылы 5500 баланың дүниеге келуі күтілуде.
Алматы облысының Босану үйлері
«Ұлттың денсаулығы босану үйлерінен басталады» жобасы Алматының шектеуінен шықты. Фототерапия аппараттары Алматы облысы Босану үйлерінің балалар бөлімдерінде орнатылады. 2010 жылы фототерапия аппараттарын және басқа медицина жабдықтарын Қапшағай, Талғар, Қаскелен қалаларының босану үйлеріне жібердік.
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
11-11-2011 “МЕНІҢ ӘЛЕМГЕ КӨЗІМ АШЫҚ” 2011 жылдың 11 қарашасында алматы қалалық перинаталды орталықтың (ҚПнО) конференц – залында, біз осы мемлекеттік медициналық босанатын әйелдерге жәрдем беретін мекемеге «Менің әлемге көзім ашық» жобасының шектеуінде кеңжиекті сандық ретиналды камерасын тапсырдық.
Қалалық перинаталды орталығының офтальмолог-дәрігерінің берген деректемесі бойынша, шала туған балалардың ретинопатиямен аурғандары 2008 жылы 26%, ал 2009 жылы – 27,3% құрады. Шала туғандардың ретинопатиясы – бала соқырлығы мен шала көрулерінің негізгі себебі. нақты
13-04-2011 ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ ПЕРЗЕНТХАНАДАН БАСТАЛАДЫ Осы атты, жалау еткен жобаның шеңберінде, 2011 жылдың 13 сәуірінде, «АЯЛА» қайырымдылық қоры, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасында, 13 перзентхана және орталық аудандардағы аурухана бас дәрігерлеріне 31 фототерапия жабдығын тапсырды. Жыл сайын, осы сынды босанатын әйелдерге медицина жәрдем беретін мекемелерде 20 000-нан астам бала дүниеге келеді. Олардың көбісі, туғаннан кейінгі сарылыққа (гипербилирубинемия) душар болады. нақты
12-04-2011 ЖАБДЫҚТАРДЫ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ Бүгін қорымыз, №1, №2, №4, №5 перзентханалардың бас дәрігерлеріне және Қалалық перинаталдық орталығы бастығының орынбасарына, осы мекемелерге ақысыз түрде медициналық жабдықтардың берілуін растайтын сертификатты салтанатты түрде тапсырды. Перзентханалардың балалар бөлімшелеріне, құны 38 845 248 теңгені құрайтын, тыныс алу жабдықтары, реанимация үстелдері, перфузор және де инфузоматтар жіберілді. нақты
22-03-2011 БРИТАНДЫҚ НАУРЫЗ Наурыз күндері, тұманды Альбион жағалауларынан қуанышты хабар келіп жетті. University College London университеті жанындағы, Қазақстандық студенттер ұйымы, туған жерлерінде, Наурыз мерекесінде жасалынатын қазақ салт-дәстүрлерін естен шығармайды. Осыған орайластырып, Ұлыбританияның әр түрлі колледждері мен университеттерінде бір қатар қайырымдылық шаралары өткізілді. Аталмыш шаралардан жиналған қаражаттың барлығы, ол 945 фунт стерлингті құрады, біздің қорымызға жіберілді. нақты
24-11-2010 «ҰЛТТЫҢ САУЛЫҒЫ БАЛА ТУАТЫН ҮЙЛЕРДЕН БАСТЫЛАДЫ» ЖОБАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫРТЫНА ДА ШЫҚТЫ Кеше және бүгін бірінші 3 фототерапия аппараттын Қапшағай, Талғар, Қаскелен қалаларының бала туатын үйлерінің балалар бөлімдеріне жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, бұл аппараттар жаңа туған балалардың орталық нерв жүйесінің жаман бұзылуына апаратын жаңа туған балалардың сары ауруларын емдеуге арналған. Фототерапия аппараттары бұл жаман жағдайды дәріні қолданбай және қанды алмастыру операциясын жасамай – ақ емдеуге мүмкіндік береді. нақты
27-04-2010 ДИАГНОЗ НАҚТЫРАҚ ҚОЙЫЛАТЫН БОЛАДЫ «АЯЛА» қайырымдылық қоры, қайтадан қалалық перинаталдық орталығына «сыйлықтарымен» ат басын бұрды. Осы жолы, біз ҚПҰО-на заманауи, ең бастысы ұтқыр рентген жабдығын бердік. Балалар реанимациясы бөлімшесінде 80-нші жылдардан бері тұрған рентген жабдығы, тек балғындарымызға ғана емес, сонымен қатар медициналық қызметкерлерге де қауіп төндіретін. Жаңа жабдықтың көмегімен, рентген суреттері анығырақ алынады, сонымен қатар бұл жабдықтың бұрынғыдан да аз сәуле мөлшері қолданылатындығын да айтып өту керек. нақты
10-05-2012ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ 2012 жылдың 9 мамырында фашизмге қарсы ұлы Жеңістің 67-жылдығының күні «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен «BeSmart» компаниясы Ұлы Отан Соғысының 10 ардагерін құттықтады. «BeSmart» компаниясы 10 күн аралығында желісінде қаражат жинау бойынша ұйым өткізді. Осы күндері «BeSmart» компаниясының кызметін пайдаланып жүргендер Бостандық ауданының ардагерлері үшін 150 000 теңге аударды.. Ардагерлер үшін сыйлықтар жеміс-жидек пен әсерлі открытка түрінде ресімделді. нақты
02-05-2012МАРАТ БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық әрекетінің елеулі кезеңі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2012 жылдың 2 мамырында өткен дүниежүзілік скрипкалық музыкасының жұлдызы Марат Бисенғалиевтің концерті болғаны. Бұл күні қайырымдылық қор «АЯЛА» ұйымдастырылған кезінен бері 5 жыл болғанын атап өтті. Концертке, Марат Бисенғалиевтен басқа, Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен Лондондық симфониялық және филармониялық оркестрлерінің жас жұлдыздары... нақты
24-04-2012BASF ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЙРЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ «НАРЫҒЫНДА» 24 сәуірде Қазақстан территориясындағы BASF ұлт аралық химиялық алыбы әрекетінің 20-жылдығын мерекелеу рәсімі өтті. Бұл рәсімге еліміздің барлық түкпірінен ірі клиенттер мен компаниялардың өкілдері жиналды. BASF компаниясы қазіргі заманның ұлы скрипкашысы Марат Бисенғалиевтің қайырымдылық концерт серіктестерінің бірі болып шықты. Мерей тойын мерекелеу рәсіміне қатысқан қазақстан нарығындағы химикалық алыбының компания клиентері арасында концертке билеттер ойнатылды. нақты